Әр үшінші әйел физикалық және/не сексуал зорлыққа ұшыраған

Әр үшінші әйел өмірінде бір рет болсын интимді серігінің тарапынан физикалық және/немесе сексуал зорлыққа, бөтен адам тарапынан не екеуінен де сексуал зорлыққа тап болған. 

25 қарашада гендерлік зорлық проблемасына назар аудару және бүкіл әлем бойынша оның алдын алуды алға тарту мақсатында ұйымдастырылатын «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты халықаралық науқан басталды. Ол 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні басталып, 16 күн бойы жалғасып, 10 желтоқсан, яғни, Адам құқықтары күніне дейін өтеді.

2023 жылғы науқан тақырыбы – UNiTE! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға инвестиция

Бұл әйел ұйымдарына, дамыған заңнамаға, қылмыскерлерді ұстауға, зардап шеккен әйелдерге көрсетілетін қызметті кеңейту, құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуға ресурс пен энергия жұмсап, ұжымдық әрекеттерге шақыру.

Ақпарат Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыратын “Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығы туралы қазақстандық аудиторияның хабардарлығын арттыру” жобасы аясында дайындалды. 

#CFLI #Noexcuse #16daysofactivism