Сарапшылар #Бірге ақпараттық науқанын таныстырды

2023 жылдың 6 қарашасында Астана қаласында Қазақстан азаматтарының өзара сыйластығын, тең құқыққа ие екенін көрсетуге, қоғамымыздың бірлігі мен әралуандығын сақтауға арналған #Бірге ақпараттық науқаны таныстырылды. Жоба аясында Қазақстанның барлық өңіріне таратылатын көрнекі материалдар жасалды.

Науқанды MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Конрада Аденауэра в Казахстане.

“Этносаралық өшпенділік тілінің алдын алуға арналған #Бірге ақпараттық науқаны – Конрад Аденауэр атындағы Қор жобалары мен серіктестеріміздің Қазақстанда этносаралық консенсус құрудағы маңызды қадамы. Өшпенділік тілі қауымдастыққа қауіп төндіреді. Осы компания негізге алып отырған желіде өзін-өзі ұстау Әдеп кодексі азаматтардың этносаралық бірлік туралы хабардарлығын арттырып, Қазақстан қоғамының инклюзивтігін жақсартады”, – Йоханнес Д. Рай, Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры. Конрада Аденауэра в Казахстане.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Әділ Жалиловтың айтуынша, күрделі геосаяси өзгерістер, әлеуметтік және экономикалық белгісіздік басым кезде ішкі жанжал, кінәлілерді іздеу, ашуға булығып әрекетке бару жағдайды ушықтырып жібереді. Қазір ойланып, конструктивті әрекет ету, бір-біріне мейірімді болу, сезімге ерік беріп әлдебіреулерді айыптау емес, өркениетті пікірталас ұйымдастыру аса маңызды.

#Бірге науқаны азаматтардың өзара түсіністігі мен қарым-қатынас мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстанның барлық өңіріне ақпараттық материалдар тарату арқылы этносаралық жанжал мен өшпенділік тілінің алдын алуға және қарсы тұруға бағытталған.

Жоба аясында Қазақстан өңірлеріндегі қоғамдық орындарда тарату үшін қазақ және орыс тілдерінде көрнекі материалдар жасалды.

  • 2000 постер;
  • 10 сыртқы жарнама баннері;
  • 4 анимациялық видео.

Науқанның барлық материалында #Бірге хэштегі мен «Біз әртүрлі болғанмен, Отанымыз ортақ!» ұраны жазылған.

Сонымен қатар, постерлерде QazNetEtiquette-ке сілтеме жасалған QR-код бар. Онда ұлтаралық араздықтан қашып, өшпенділік тілін таратпас үшін ақпарат кеңістігінде өзіңді ұстауға арналған әмбебап және аудиторияға түсінікті 10 әдеп ережесі жазылған. Кодекс 2022 жылдың қазан айында Астана қаласында таныстырылды.

Кодекстің басты мақсаты – қоғам поляризациясын төмендету мүмкіндігі. Әсіресе қоғамды бөліп жіберу қаупі бар қазіргі түрлі жанжал кезінде аса маңызды.