ОҚИҒАҢЫЗДЫ АНОНИМ ТҮРДЕ БӨЛІСІҢІЗ

Осылайша сіз осыған ұқсас жағдайға тап болған адамдарға көмектесесіз. Оқиғаңыздың аноним түрде, аты-жөніңіз, жасыңыз, қалаңыз бен басқа да деректеріңіз көрсетілмей жарияланатынына кепілдік береміз: https://forms.gle/woTVeyhPDggxxhP89

Оқиғалардың бәрі #ТИІСПЕ #НЕПРИКАСАЙСЯ хештегімен MediaNet қорының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. 

 

#ТИІСПЕ – #НЕ ПРИКАСАЙСЯ! АКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ

“MediaNet халықаралық журналистика орталығы” қоғамдық қор командасы Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселесін көтереді. Біз дискриминация мен зорлық-зомбылықтың кез келген формасына қарсымыз. 

   #ТИІСПЕ – #НЕ ПРИКАСАЙСЯ! акциясы қоғамдық көліктегі харассментпен күреске бағытталған. Плакаттар көмегімен біз жолаушыларды харрасмент туралы, сондай-ақ қоғамда бұл құбылысқа төзбеушілікті қалыптастыру туралы ақпараттандыруды көздейміз. 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

Акция «Қоғамдық көліктегі харрасментті еңсеру» жобасы аясында өтіп жатыр. Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстандағы, Қырғызстан мен Тәжікстандағы Канада елшілігі мен Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен қолдауымен жүзеге асырады. 

 

Толық ақпарат білу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Instagram @medianet.ngo

Tik Tok @aielkusi

Facebook @medianetkaz

Factcheck.kz деген жобамызға жазылуды ұсынамыз. Редакция гендерлік тақырыпта ай сайын қазақ және орыс тілдерінде қызықты материалдар жариялап тұрады. 

Сонымен қатар Batyrjamal парақшасынан да көп пайдалы ақпарат табуға болады. 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс

434-бап. Ұсақ бұзақылық

 

  1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларды сыйламауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
  1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабыныңекіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.