«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры онлайн-платформа әкімшісінің бос орнына конкурс жариялайды
Жоба: QLEVER+
Бос орын: білім беретін онлайн-платформа әкімшісі
Өтініш беру дедлайны: 20 қараша 2023 ж.
Орналасқан жері: Қазақстан
«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасындағы білім беретін онлайн-платформаға әкімші іздейді.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Орталық Азияның алыс аудандарындағы осал жастарды сыни ойлау қабілетін дамытатын онлайн және мобильді білім беру ойындарына тарту. 2020 жылы іске қосылған QLEVER платформасы Интернетте – https://qlever.asia және Android операциялық жүйесі базасындағы Google Play Market қосымшасында қолжетімді.
Жобаны ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция) қоры MediaNet (Қазақстан), “Медиа сабақ” (Қырғызстан) және Гурдофарид (Тәжікстан) қорларымен әріптестікте жүзеге асырады.
Талаптары:
- Жоғары IT-білім
- IT-секторда кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі
- Ойын әзірлеу тәжірибесі болса құба-құп
- Көп ақпаратпен жұмыс істей алу және сыни ойлау қабілеті
- Қазақ және орыс тілдерін білу
- Білім беру саласындағы және басқа да жобаларда тәжірибесі болса да болады
- Командамен жұмыс істей алу және соған дайын болу.
Міндеттері:
- Жоба бойынша жоспарға сәйкес жұмыс істеу және жоба алдына қойылған нәтижелерге жету;
- Жоба үйлестірушісінің басшылығымен жоба бойынша баяндамалар әзірлеу;
- Онлайн-алаңды, ойындарды және білім беру құралдарын күнделікті басқару;
- Қолданушылармен қарым-қатынас орнату, оның ішінде қолданушылардың деректерін тексеру, тіркеуді растау;
- Платформа «Дүкенін» басқару, оның ішінде жүлделер тізімін жасау, сыйлықтарды жіберу;
- Платформалардағы қателерді тестілеу және реакция таныту, қателердің сипаттамаларын жіберу;
- Ойын әзірлеудің шығармашылық процесіне көмектесу;
- Жобаның әкімшілік/қаржылық процедураларын уақытылы орындау;
- Qlever онлайн-платформасының жұмысына байланысты басқа да міндеттер.
Мерзімі:
Хабарлама уақыты | 01.11.2023 |
Өтініш қабылдау | 2023 жылғы 20 қарашаны қоса алғанда |
Іріктеу | 2023 жылғы 30 қарашаға дейін |
Келісімшартқа қол қою | 2023 жылғы 1 желтоқсандан бастап |
Өтініш мыналарды қамтуы керек:
- Бұрынғы жұмыс тәжірибесін растайтын сілтемелер көрсетілген толық түйіндеме
- Ілеспе хат
- Бар болса, бұрынғы жұмыс орнынан ұсыным хат
Өтінішті 2023 жылғы 20 қарашаға дейін info@medianet.ngo электронды поштасына жіберу керек. Хат тақырыбына «QLEVER+Админ» деп жазыңыз да, жауапты қызметкердің байланыс нөмірлерін көрсетіңіз.
Қосымша ақпарат үшін:
alyona@medianet.ngo
+77479879879 WhatsApp/Signal жазбаша хабарламалары үшін ғана