«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры онлайн-платформада сыйлық ретінде берілетін техника, бренд немесе басқа да тауарлар ұсынатын компанияға конкурс жариялайды
Жоба: QLEVER+
Қызмет: маркетингтік компания/агенттік
Өтініш беру дедлайны: 20 желтоқсан 2023 ж.
Орналасқан жері: Қазақстан
«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасындағы білім беру онлайн-платформасының 12 жастан асқан қолданушыларына арналған сыйлықтар ұсынатын компания іздейді.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Орталық Азияның алыс аудандарындағы осал жастарды сыни ойлау қабілетін дамытатын онлайн және мобильді білім беру ойындарына тарту. 2020 жылы іске қосылған QLEVER платформасы Интернетте – https://qlever.asia және Android операциялық жүйесі базасындағы Google Play Market қосымшасында қолжетімді.
Жобаны ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция) қоры MediaNet (Қазақстан), “Медиа сабақ” (Қырғызстан) және Гурдофарид (Тәжікстан) қорларымен әріптестікте жүзеге асырады.
Мақсаты: Қор Qlever платформасын іске қосуды жоспарлап отыр. Ондағы тұтынушылар жиналған баллдарды сыйлықтар мен жүлделерге айырбастай алады. Олар жоба аясында қаржыландырылады.
Сыйлық/жүлде ұсынатын компанияға қойылатын негізгі талаптар:
- Компания қолданушыларды қызықтыра алатын техника (құлаққап, смарт сағат, әртүрлі құрылғылар және т.б.), киім және аксессуарлар (худи, футболка, свитшоттар және т.б.), интерьер заттары және т.б. тауарлардың көп ассортиментін ұсынуы керек. Тауарлар Qlever платформасы қолданушыларының қызығушылықтары мен талаптарына сай болуға тиіс;
- Тауарлардың сапасы жоғары, қолдануға ыңғайлы болуы керек. Жүлделердің тартымдылығын арттырып, қолданушылардың қызығушылығын ояту үшін танымал брендтердің тауарларына басымдық беріледі;
- Компания жылдам жеткізу, әртүрлі аймақтарда жұмыс істеу мүмкіндігін қоса алғанда жеткізудің икемді шарттарын ұсынуы керек;
- Тауар үнемі қолда болуы керек және қажет болғанда көп көлемде жібере алғаны құба-құп;
- Жақсы баға мен жеңілдік немесе арнайы ұсыныстар мүмкіндігі артықшылық саналады;
- Қолданушылардың қызығушылығын оятып, ойынға қатысу және платформадағы белсенділікті ынталандыру үшін сыйлықтар ассортиментін жаңартып отыру мүмкіндігі;
- Компания өз қызметінің саласында беделі жақсы болып, қызмет сапасы мен сенімділігіне кепілдік беруі керек;
- Компания дербес қарым-қатынасқа, ұзақмерзімді әріптестік пен серіктестікке дайын болуы керек;
- Компания келісімшарт, шығын құжаттамасы, актілер және т.б. құжаттардың бәрін ұсыну мүмкіндігіне ие болуы қажет. Компания құжаттарды уақытында тапсырып отыруға тиіс.
Мерзім:
Хабарландыру уақыты | 11.12.2023 |
Өтініш қабылдау уақыты | 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда |
Іріктеу | 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейін |
Келісімшартқа қол қою | 2024 жылғы қаңтардан бастап |
Өтініш мыналарды қамтуы керек:
- Компанияны тіркеу туралы куәлік және заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріндегі көшірім көшірмесі;
- Жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметтер қамтылған техникалық сипаттама;
- Коммерциялық ұсыныс/қаржылық ұсыныс.
Өтінішті 2023 жылғы 18 желтоқсанға дейін info@medianet.ngo электронды поштасына жіберу керек. Хат тақырыбына «QLEVER+Тауарлар» деп жазыңыз да, жауапты қызметкердің байланыс нөмірлерін көрсетіңіз.
Қосымша ақпарат үшін:
alyona@medianet.ngo
+77479879879 WhatsApp/Signal жазбаша хабарламалар үшін ғана