FactCheck Dive by Factcheck.kz

Фатчекингті меңгергісі келетін қазақстандықтарға арналған интенсивті базалық курс

9 сәуір – 31 мамыр 2024 ж.

онлайн

  • 10 тақырыптық модуль
  • Live-форматта 90 минуттан 14 сабақ
  • Материалды бекіту үшін 13 практикалық жаттығу 
  • Тренерлердің барлығы – практик мамандар
  • Оқу кезінде курс тренерлерімен ашық чат болады
  • Базалық курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі
  • Курс аяқталған соң Алматыда өтетін фактчекинг тренерлеріне арналған офлайн тренингке қатысу мүмкіндігі бар.

Үздік практик тренерлер 

FactCheck Dive курсының бағдарламасын Factcheck.kz. ресурсының үздік фактчекерлері мен редакторлары жасаған. Сондай-ақ онлайн-курс тренерлерінің барлығы – өз саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар мен фактчек жасаумен айналысып жүрген мамандар. 

«Тексерілген» контент пен жаңа тақырыптар

FactCheck Dive курсының тақырыптары, мысалы, фактчекинг әдістемесі, ашық дереккөздер жұмыс және кеңейтілген іздеу, фото мен видеоны тексеру құралдары, пропаганда деконструкциясы және т.б., мыңдаған қатысушымен сыналған және курстан кейінгі кері байланыс негізінде жаттықтырушылар жетілдірген. Ең бастысы, бұл жолы онлайн-курсқа пребанкинг пен жасанды интеллект құралдарын қолдану сияқты жаңа тақырыптар қосылған. 

FactCheck Dive курсының негізгі тақырыптары, мысалы, фактчекинг әдістемесі, ашық көздермен жұмыс және кеңейтілген іздеу, жалған фотосуреттер мен бейнелерді тексеру, үгіт-насихат деконструкциясы және т.б., мыңдаған оқушыларда сыналған және курстан кейінгі кері байланыс негізінде жаттықтырушылар жетілдірген. Бірақ, ең бастысы, тек осы ағымда онлайн курсқа банкинг және жасанды интеллект құралдарын пайдалану туралы жаңа тақырыптар қосылды.

Теориядан практикаға

Біздің ұранымыз – үйрен және қолдан! FactCheck Dive онлайн-курсының әр сабағының 30%-ы теория мен 70%-ы практикадан тұрады, сондықтан әр қатысушы курс контентінің барлығын «бойынан өткізіп», жаттығулар мен үй тапсырмалары кезінде факчекерге қажет дағдыларды меңгере алады. 

Құлшынысы бар адамдарға арналған 

FactCheck Dive онлайн-курсы фактчекинг (және басқа да) тақырыпқа шын мәнінде қатты қызығатын және бұл бағытта жұмыс істеуді жоспарлап отырған немесе журналистикада оқып шыққан соң біліктілігін арттырғысы келетін адамдарға арналады. 

Төлем қажет емес

Онлайн-курс тегін жүргізіледі. Сондықтан ұйымдастырушылар курс қатысушыларын мұқият іріктейді. Онлайн-курсты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Nippon Foundation қаржылай қолдауымен ұйымдастырып жатыр. 

Бонустар

  • Сабақтардың 80%-ынан өткен әр қатысушы фактчекинг курсын аяқтағаны туралы сертификат алады
  • Курстың үздік түлектері Алматыда 2024 жылдың екінші жартысында өтетін фактчекинг тренерлеріне арналған тегін офлайн тренингке қатысу мүмкіндігіне ие болады. Оқу кезінде жол ақысы мен тұратын жер шығындары толық өтеледі. 

Маңызды! Онлайн-курсқа ақпаратты тексеру тақырыбына қызыққан кез келген адам қатыса алады. Тек Қазақстан Республикасының тұрғыны болуы шарт. 

Жас шектеуі: 18+.

Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде 1,5 сағаттан аптасына 2 рет өтеді. 

Курсқа тіркелу үшін сілтемедегі форманы 2024 жылғы 12 наурызға дейін толтырыңыз. Кері байланыс үшін электронды пошта мен телефон нөмірін дұрыс толтыруды сұраймыз. Іріктелген қатысушыларға 2024 жылғы 20 наурызға дейін жауап береміз.  

FactCheck Dive онлайн-курсты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы/Factcheck.kz Nippon Foundation қаржылай қолдауымен ұйымдастырып жатыр. 

Қосымша ақпарат: Алена Кошкина alyona@MediaNet.ngo, +7747 987 9879 (WhatsApp/Telegram/signal, тек мәтін жіберіңіз).