Маңғыстауда Aktau FactCamp өтті
18 наурыз күні Ақтау қаласында Aktau FactCamp шарасы өтті.
Қатысушылар ақпаратты, фактіні, фото мен видеоны тексеру және іздеуді, геодеректер мен ашық деректермен жұмыс істеуді үйренді. Оған қоса жасанды интеллекттің мүмкіндіетері мен фейк анықтайтын инструменттермен танысты.
Aktau FactCamp-ке Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысынан 50-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде студенттер, журналистер, мұғалімдер, белсенділер, азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар өкілдері болды.
Шара тренерлері MediaNet пен Factcheck.kz эксперттері болды. Aktau FactCamp қазақ тілінде өтті.
Шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, Factcheck.kz Астанадағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Мөлдір Утегенова, utegenova@medianet.ngo