Маңғыстауда Aktau FactCamp өтті

18 наурыз күні Ақтау қаласында Aktau FactCamp шарасы өтті. Қатысушылар ақпаратты, фактіні, фото мен видеоны тексеру және іздеуді, геодеректер мен ашық деректермен жұмыс істеуді үйренді. Оған қоса жасанды интеллекттің мүмкіндіетері мен фейк анықтайтын инструменттермен танысты. Aktau FactCamp-ке Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысынан 50-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде студенттер, журналистер, мұғалімдер, белсенділер, азаматтық қоғам өкілдері, …