
Фактчекерлердің тест жүйесін әзірлеу жөніндегі экспертті іріктеу байқауы
Жұмыс форматы: Қашықтан (қажет болған жағдайда офлайн кездесулер өткізілуі мүмкін)
Келісімшарт мерзімі: 2025 жылғы сәуір – қыркүйек, жартылай жүктеме
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 7 наурыз
Жоба туралы
Біз фактчекерлердің біліктілігін бағалап, сертификаттауға арналған IELTS/TOEFL жүйесіне ұқсас пилоттық тестілеу жүйесін әзірлемекпіз. Тест тәжірибелі фактчекерлермен бірлесе отырып жасалады және қазақ және орыс тілінде болады. Жобаның мақсаты – Қазақстанда және одан тыс жерлерде фактчекиң дағдыларын бағалайтын стандартталған жүйесін жасау.
Негізгі міндеттер
- Фактчекиң тестілеу жүйесінің құрылымы мен әдістемесін әзірлеу, бағалау критерийлерін анықтау;
- Тестілеу жүйесін деңгейге бөліп жасау (мысалы, бастауыш, орта, жоғары деңгей)
- Түрлі форматтағы тапсырмаларды әзірлеу (көп нұсқалы сұрақтар, кейстер талдау, практикалық жаттығу)
- Медиасауат пен фактчекиңнің халықаралық стандарттарына сай келетін тесті жасау
- Фактчекерлермен бірлесіп, тест мазмұнын жетілдіру
- Пилоттық тестілеуді ұйымдастырып, бағалау, кері байланыс арқылы жүйені жетілдіру
- Бағалау, сертификаттау талаптары мен тестілеу жүйесін қолданысқа енгізу бойынша нұсқаулықтар әзірлеу
Іріктеу талаптары
- Тест әзірлеу, бағалау әдістемелері немесе білім беру стандарттарын қалыптастыру саласындағы расталған тәжірибе
- Фактчекинг принциптерін, OSINT құралдары және дезинформацияны анықтау әдістерін білу
- Тестілеу және сертификаттау жүйесін әзірлеу тәжірибесі болуы шарт
- Қазақ, ағылшын және/немесе орыс тілдерін білу
- Аналитикалық дағдылары мықты
- Қашықтан жұмыс істеу және дедлайндарды сақтау қабілеті
Өтінім беру тәртібі
Қызығушылық танытқан үміткерлер 2025 жылғы 7 наурызға дейін өтінімді толтыруы қажет.
Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер ғана 2025 жылғы 20 наурызға дейін хабарлама алады.
Сұрағыңыз болса хабарласыңыз: Бэлла Орынбетова, orynbetova@medianet.ngo.