Жаңалықтар
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz ресурсы, Еуразиялық фактчекинг және медиасауат желісімен бірлесе отырып, Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен MEDIA ME! онлайн курсын бастайды. MEDIA ME! – жалпыға арналған, цифрлы, ақпараттық мен медиа сауатты арттыруға бағытталған курс. Курстың негізгі міндеттері: фактчек дағдылары, жалған ақпаратты анықтау, онлайн мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және дағдарыстан кейінгі жағдайға аудиторияны бейімдеу. Курс ерекшелігі …
Үкіметтік емес ұйымдарға айыппұл салынып, қызметінің мәжбүрлі түрде тоқтатылуы «азаматтық қоғамды дамытуға ден қойдық» деген мемлекет бағытына қайшы. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық абыройына нұқсан келтіреді. Қазір «Эхо» мен «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарының әрбіріне 400 АЕК (1 166 800 теңге) көлемінде айыппұл салынып, қызметіне үш айға шектеу қойылды. Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықты сақтау халықаралық бюросына …
Құрметті достар, қадірлі әріптестер, Бүгін MediaNet Халықаралық журналистика орталығына қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізу тоқтағанын қуанышпен хабарлаймыз! Өздеріңіз білетіндей о баста Заң мен әділдіктің біз жақта екеніне сенімді болдық. MediaNet – барлық Заңдарды сақтайтын ұйым. Біз өзіміздің тәуелсіздігіміз бен демократиялық құндылықтарымызға адалмыз және адал болып қала береміз. Бізді қолдап, қолтығымыздан демеген баршаңызға алғысымыз …
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Кейінгі айларда бірқатар қазақстандық құқық қорғаушы ұйымдар қазынашылық органдар тарапынан жаппай қысымға ілікті. Кей ҮЕҰ-ға үлкен көлемде айыппұл салынса, кейбірінің қызметі үш айға тоқтатылды. Оларға шетелдік қаржыландыру есебін нақты емес немесе уақытылы хабарламай, салық заңнамасын бұзды деген айып тағылды. Айта кеткен жөн, айтылған «бұзушылық» салдарынан бюджетке ешқандай шығын келген жоқ және ешкімге …
Қазақстандағы медиасауат бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. «ҚР БҒМ жанындағы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының талдауына сәйкес медиа және ақпараттық сауат бойынша оқу және әдістемелік құрал Қазақстандағы білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынылды. «Оқу құралының мазмұны медиажүйе мен медиа саласы туралы заманауи ғылыми ұғымдарға сай келеді», – делінген «Оқулық» орталығының …
Өкінішке қарай, әйелдердің көпшілігі жыныстық бопсалаудың қандай да бір түрін басынан өткізген және ол үнемі жабық күйде қалады. Қазақстанда әйелдер мен қыздарды бопсалау тақырыбының сезімталдығы қоғамдағы кемсітушілік пен бопсалауды жиі ақтайтын дәстүрлі алалаушылықпен үдей түседі. MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» ақпараттық кампаниясын бастайды. Жоба …