«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры ойын контентін әзірлеушінің бос орнына конкурс жариялайды

Жоба: QLEVER+

Бос орын: ойын контентін әзірлеуші 

Өтініш беру дедлайны: 20 қараша 2023 ж.

Орналасқан жері: Қазақстан

«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасындағы онлайн-платформаға арналған ойын контентін әзірлеушіні іздейді

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Орталық Азияның алыс аудандарындағы осал жастарды сыни ойлау қабілетін дамытатын онлайн және мобильді білім беру ойындарына тарту. 2020 жылы іске қосылған QLEVER платформасы Интернетте – https://qlever.asia және Android операциялық жүйесі базасындағы Google Play Market қосымшасында қолжетімді. 

Жобаны ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция) қоры MediaNet (Қазақстан), “Медиа сабақ” (Қырғызстан) және Гурдофарид (Тәжікстан) қорларымен әріптестікте жүзеге асырады. 

Талаптар:

  • Жоғары IT-білім 
  • IT-секторда кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі
  • Кемінде 2 жыл ойын әзірлеу тәжірибесі
  • Білім беру саласында тәжірибесі – педагогикалық білімі болса да болады
  • Медиа және ақпараттық сауат, фактчекинг, киберқауіпсіздік, пропагандаға және қастық тіліне қарсы тұру, гендерлік мәселелер және т.б. тақырыптар бойынша білімі мен қабілеті
  • Көп ақпаратпен жұмыс істей алу және сыни ойлау қабілеті
  • Қазақ және орыс тілдерін білу
  • Білім беру саласындағы және басқа да жобаларда тәжірибесі болса да болады
  • Командамен жұмыс істей алу және соған дайын болу. 

Міндеттері:

  • Жоба бойынша жоспарға сәйкес жұмыс істеу және жоба алдына қойылған нәтижелерге жету
  • Ойын әзірлеу, оның ішінде тақырып табу, ойын сценарийлерін жазу, тестілеу, қателерді түзеу
  • Онлайн-платформаның қосымша материалдарын, оның ішінде сауалнама, жаңалықтар және т.б. әзірлеу
  • Платформа қызметкерлері мен қолданушыларына консультациялық қызметтер көрсету, семинар мен тренингтер өткізу мүмкіндігі
  • Жоба жоспарына сәйкес мерзімдерді қатаң ұстану
  • Жобаның әкімшілік/қаржылық процедураларын уақытында орындау
  • Жоба үйлестірушісінің басшылығымен жоба бойынша баяндамалар әзірлеу
  • Командада жұмыс істеуге дайын болу, икемділік, нәтижеге жетуге деген ұмтылыс
  • Qlever онлайн-платформасының жұмысына байланысты басқа да міндеттер. 

Мерзімі: 

Хабарландыру мерзімі 01.11.2023
Өтініш қабылдау уақыты2023 жылғы 20 қарашаны қоса алғанда 
Іріктеу30 қараша 2023 ж.
Келісімшартқа қол қою2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап

Өтініш мыналарды қамтуы керек: 

  • Бұрынғы жұмыс тәжірибелерін растайтын сілтемелер көрсетілген толық түйіндеме
  • Ілеспе хат
  • Бар болса, бұрынғы жұмыс орнынан ұсыным хат 

Өтінішті 2023 жылғы 20 қарашаға дейін info@medianet.ngo электронды поштасына жіберу керек. Хат тақырыбына «QLEVER+Әзірлеуші» деп жазыңыз да, жауапты қызметкердің байланыс нөмірлерін көрсетіңіз. 

Қосымша ақпарат үшін:

alyona@medianet.ngo

+77479879879 WhatsApp/Signal жазбаша хабарламалар үшін ғана