Үкіметтік емес ұйымдарға айыппұл салынып, қызметінің мәжбүрлі түрде тоқтатылуы «азаматтық қоғамды дамытуға ден қойдық» деген мемлекет бағытына қайшы. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық абыройына нұқсан келтіреді. Қазір «Эхо» мен «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарының әрбіріне 400 АЕК (1 166 800 теңге) көлемінде айыппұл салынып, қызметіне үш айға шектеу қойылды. Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықты сақтау халықаралық бюросына …
October 2023
Құрметті достар, қадірлі әріптестер, Бүгін MediaNet Халықаралық журналистика орталығына қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізу тоқтағанын қуанышпен хабарлаймыз! Өздеріңіз білетіндей о баста Заң мен әділдіктің біз жақта екеніне сенімді болдық. MediaNet – барлық Заңдарды сақтайтын ұйым. Біз өзіміздің тәуелсіздігіміз бен демократиялық құндылықтарымызға адалмыз және адал болып қала береміз. Бізді қолдап, қолтығымыздан демеген баршаңызға алғысымыз …
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Кейінгі айларда бірқатар қазақстандық құқық қорғаушы ұйымдар қазынашылық органдар тарапынан жаппай қысымға ілікті. Кей ҮЕҰ-ға үлкен көлемде айыппұл салынса, кейбірінің қызметі үш айға тоқтатылды. Оларға шетелдік қаржыландыру есебін нақты емес немесе уақытылы хабарламай, салық заңнамасын бұзды деген айып тағылды. Айта кеткен жөн, айтылған «бұзушылық» салдарынан бюджетке ешқандай шығын келген жоқ және ешкімге …
Қазақстандағы медиасауат бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. «ҚР БҒМ жанындағы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының талдауына сәйкес медиа және ақпараттық сауат бойынша оқу және әдістемелік құрал Қазақстандағы білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынылды. «Оқу құралының мазмұны медиажүйе мен медиа саласы туралы заманауи ғылыми ұғымдарға сай келеді», – делінген «Оқулық» орталығының …
Өкінішке қарай, әйелдердің көпшілігі жыныстық бопсалаудың қандай да бір түрін басынан өткізген және ол үнемі жабық күйде қалады. Қазақстанда әйелдер мен қыздарды бопсалау тақырыбының сезімталдығы қоғамдағы кемсітушілік пен бопсалауды жиі ақтайтын дәстүрлі алалаушылықпен үдей түседі. MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» ақпараттық кампаниясын бастайды. Жоба …
Құрметті журналистер! Қазақстандағы алғашқы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетін құруға үміткерлерден өтінім жинау аяқталды. Редакциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары өз кандидаттарын ұсынды. Өзін-өзі ұсынған үміткерлер де бар. Екінші іріктеу кезеңі – ашық дауыс беру басталады. Бұл туралы осы комитетті құру жөніндегі бастамашыл топ – «Қазақстанның медиа желісі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі өкілдері хабарлады. Кандидаттар тізімінде 17 …
Құрметті әріптестер! Сіздерді «Харассмент туралы ақпарат жазу нормалары» онлайн-трениңіне шақырамыз. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан журналистерінің жыныстық бопсалау тақырыбында біліктілігін арттыру және бопсалау мәселесін медиада көтеруге шақыру. Өтетін күні: 19 тамыз орыс тілінде, 20 тамыз қазақ тілінде. Трениң онлайн ZOOM-да Алматы уақытымен 11:00-13:00 аралығында өтеді. Спикерлер: Эльвира Боханова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты. Аяжан Ойрат, халықаралық …
MediaNet халықаралық журналистика орталығының «Қазақстандықтардың жыныстық бопсалау туралы ойы» тақырыбында жүргізген сауалнамасында қазақстандықтардың 82%-і жыныстық бопсалау мәселесі өзекті деп санайды. Олардың 54%-і бұл шұғыл шешілуі керек, күрес қажет ететін мәселе деп есептейді. 28%-і жыныстық бопсалау мәселесі өзекті екенін, бірақ одан да күрделі әлеуметтік проблемалар бар екенін атап өтті. Қалғандары бұл әр адамның жеке мәселесі (11%) …
Біз, цифрлық құқық саласындағы сарапшылар, құқық қорғаушылар, журналистер, Қазақстан тұрғындары мемлекет билігін балаларды кибербуллингтен қорғаймыз деген сылтаумен әлеуметтік желілер мен мессенджерлердібақылауды күшейтетін заң нормасын қабылдау туралы ойдан бас тартуға шақырамыз. Мұндай өзгерістерді «Бала құқықтарын қорғау туралы» заңға түзету енгізу аясында 9 наурыз күні Парламент Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдады. Біз Сенатты мұндай заң жобасын қабылдамауға шақырамыз. …