TechCamp Kazakhstan түлектерінің қорытынды кездесуі өтті

2023 жылдың 1 қарашасында Алматыда Қазақстандағы АҚШ Миссиясы, АҚШ мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдениет бюросы (ECA) мен жергілікті серіктес MediaNet Халықаралық журналистика орталығы TechCamp Kazakhstan түлектерінің қорытынды кездесуін өткізді. Негізгі мақсаты – жеке сектор, азаматтық қоғам, медиа өкілдері мен инфлюенсерлерден құралған аймақтағы жалған ақпаратқа қарсы тұратын тұрақты желі құру.

Бұған дейін TechCamp Kazakhstan семинарына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның медиа, білім беру институттары мен азаматтық қоғам өкілдері қатысып, фактчекиң, нейрожелі қызметтері, мобилография, медиасауат, киберқауіпсіздік, SMM және краудфандиң құралдары туралы білім алған болатын. Қорытынды кездесуде жоба түлектері Орталық Азиядағы жалған ақпарат пен манипуляцияға, өшпенділік тілі мен пропагандаға қарсы тұруға бағытталған жобаларының нәтижелерін таныстырды.

Сонымен қатар, шара барысында тек жобаларды таныстырып қана қоймай, АҚШ мемлекеттік бағдарламаларының түлектері үшін медиа және фактчекиң жобалардың фандрайзиңі тақырыбында арнайы сессиясы өтті.

TechCamp Kazakhstan-ды АҚШ Мемлекеттік департаменті, Астанадағы АҚШ Елшілігі мен MediaNet / Factcheck.kz Халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырды.

Қосымша ақпарат үшін:

Алёна Кошкина, alyona@medianet.ngo

#TechCampGlobal #TechCampKazakhstan #TechCamp