
Қазақстандағы медиасауатты зерттеу: карталау, талдау және ұсыныcтар
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Өңірлік кеңсесімен бірлесіп, 2025 жылғы наурыз-мамыр аралығында Қазақстандағы медиа және ақпараттық сауаттың (МАС) жай-күйіне кешенді зерттеу жүргізді.
Есепке мыналар кіреді:
- МАС саласындағы негізгі мүдделі тараптарды карталау;
- Медиасауатты дамытуға бағытталған ағымдағы бастамалар мен шараларды көрсететін мемлекеттік органдардың ресми жауаптарын талдау;
- Проблемалы тұстар мен негізгі сын-қатерлерді бағалау;
- Әртүрлі мақсатты топтарға арналған медиасауатты одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстар.
Бұл зерттеу – елдегі медиасауат экожүйесіне жасалған алғашқы кешенді талдау. Есептің толық мәтінімен біздің сайтта таныса аласыз. Құжат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.